БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
170 43. Зекет беру және мал-мүлкін (Алла жолына) арнау; 44. Хайыз бен нифас кезінде жұбайымен жақындаспау; 45. Барлық күнәлардан жүрегін таза ұстау; 46. Жетімнің малын жемеу; 47. Тәкаппарланбау; 48. Болмысқа жат азғындықтан (лиуата) және зинадан сақтану; 49. Бес уақыт намазды уақтылы оқу; 50. Зұлымдықпен халықтың малына ауыз салмау; 51. Аллаға серік қоспау; 52. Көзбояушылықтан, рияшылдықтан сақ болу; 53. Өтірік уәде беріп, ант ішпеу; 54. Берген садақасына бола міндетсінбеу. МҰСЫЛМАН БАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР Сұрақ : Сен мұсылмансың ба? Жауап : Әлхамду лиллаһ мұсылманмын. Сұрақ : Мұсылманмын дегеннің мағынасы не? Жауап : Алланы бір деп білу, Құран Кәрімді және Мұхаммедті (с.а.у.) мойындап, шынайы сену. Сұрақ : Қай кезден бері мұсылмансың? Жауап : Әлмисақтан бері мұсылманмын. Сұрақ : Әлмисақ деген не? Жауап : Алла Тағала рухымызды жаратқан кезде оларды жинап: «Әләсту бираббикүм?», яғни, «Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?», – деп сұраған. Бұған рухтар: «Бәлә!» (Иә, Жаратушымызсың), – деп жауап берген. Содан бері мұсылманмын деген сөз. Сұрақ : Раббың кім? Жауап : Алла. Сұрақ : Сені кім жаратты? Жауап : Алла.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=