БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
17 сәбиге ұқсамады. Бойынан төгілген пайғамбарлық нұры қараған көздің жауын алатын еді. Төртжасына дейін сүт анасыХалиманың қолында болады. Содан кейін отбасына қайтады. Алты жасында анасы Әмина қайтыс болып, атасы Абдулмұтталиб бауырына басады. Анасы қайтыс болғаннан кейін екі жылдан соң атасы да қайтыс болады. Бұл кезде оны немере ағасы Әбу Тәліп қамқорлығына алады. Пайғамбарымыздың балалық шағы мен жастық шағы, отбасылық кезеңі, жалпы бүкіл өмірі ешбір пендеге нәсіп болмаған ізгі қасиет және кемелдікпен өткен. Жиырма бес жасына келгенде, Хадиша анамызбен отбасын құрады. Ешқашан пұтқа табынған емес. Бала кезінен пұтқа табынудыжек көретін. Ибраһим аләйһис-сәләмнің діні бойынша Аллаға ғибадат ететін. Кей кездеМеккемаңындағы Нұр тауына барып, сол жерде Алла Тағаланың құдіреті мен ұлылығын ойлап, әу баста Алланың өзіне берген ғашықтық және махаббат теңізіне сүңгіп, жүрегіндегі таухид нұрының сәулесіне шомылып, Алланы зікір ететін. Пайғамбарымыз бір күні Хира үңгірінде болған кезде, Жәбірейіл аләйһис-сәләм оған Алланың бұйрығымен пайғамбарлық міндетін білдіруге келеді. Адамзаттың құтқарушысы, Алланың сүйікті пайғамбары Хазіреті Мұхаммедке (саллаллаһү аләйһи уә сәлләм): – Оқы! – деді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): – Нені оқиын? – деді. Жәбірейіл (а.с.) пайғамбарымыздың кеудесін қысып, сонсын босатады. Жәбірейіл (а.с.) қайталап: – Оқы! – деді. Пайғамбарымыз (с.а.у) : – Нені оқиын? – деді. Жәбірейіл (а.с.) пайғамбарымыздың кеудесін тағы да қысып, босатады және үшінші рет: – Оқы! – деді. Пайғамбарымыз (с.а.у): – Нені оқиын? – деді. Жәбірейіл (а.с.) пайғамбарымыздың кеудесін үшінші рет қысып, қайта босатады. Сөйтіп, Жәбірейіл (а.с.) тарапынан рухани ота (операция) жасалды. Бұдан кейін Жәбірейіл (а.с.) оған: «Жаратқан
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=