БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
169 10. Басқа түскен іске (Алланың жазғаны деп) разы болу; 11. Нығметке шүкіршілік ету; 12. Пәле-жалаға сабыр ету; 13. Күнәлардан тәубеге келу; 14. Ғибадаттарды ықыласпен жасау; 15. Шайтанды дұшпан деп білу; 16. Құранды дәлел деп тану; 17. Өлімге әзір болу; 18. Жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыю; 19. Өсек айтпау, жаман нәрселерді тыңдамау; 20. Әке-шешеге жақсылық жасап, оларға бағыну; 21. Туған-туыспен қарым-қатынаста болу; 22. Аманатқа қиянат жасамау; 23. Дінде өрескел қалжыңға бармау; 24. Алла мен Пайғамбардың әміріне бойсұну; 25. Күнәлардан қашып, Аллаға сыйыну; 26. Алла үшін жақсы көру, Алла үшін жек көру; 27. Әр нәрсеге ғибратпен қарау; 28. Тәфәккүр ету (Аллаһ Тағаланың құдіретін, ұлылығын және адамды жаратудағы мақсатын ойлау); 29. Ілім үйренуге ұмтылу; 30. Жаман ойдан сақтану; 31. Басқаларды кемсітіп, келеке-мазақ етпеу; 32. Харамға қарамау; 33. Әрдайым туралықтан таймау; 34. Бұзақылық пен азғындықтан сақтану; 35. Сиқыр жасамау; 36. Өлшеуде және таразыда әділ болу; 37. Алланың азабынан қорқу; 38. Бір күндік тамағы жоқ кісіге садақа беру; 39. Алланың рақымшылығынан үміт үзбеу; 40. Нәпсінің құмарлықтарына бой алдырмау; 41. Ішімдік ішпеу, есірткіден аулақ болу; 42. Алла Тағала және мұсылмандар туралы жаман ойдан қашу;
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=