БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
167 ОТЫЗ ЕКІ ПАРЫЗ Иманның парыздары – алтау. Исламның шарттары – бесеу. Ғұсылдың парыздары – үшеу. Дәреттің парыздары – төртеу. Тәяммүмнің парыздары – екеу. Намаздың парыздары – он екі. Барлығы отыз екі. Иманның шарттары: 1. Алланың барлығына және бірлігіне сену; 2. Алланың періштелеріне сену; 3. Алланың кітаптарына сену; 4. Алланың пайғамбарларына сену; 5. Ақырет күніне сену. 6. Тағдырға, жақсы мен жаманның жаратушысы Алла Тағала екендігіне сену. Исламның шарттары: 1. Кәлимә Шәһәдат айту; 2. Намаз оқу; 3. Зекет беру; 4. Рамазан айында ораза ұстау; 5. Қажылыққа бару. Жалпы парыздардың саны отыз немесе қырықпен шектелмейді. Бұл жерде ғибадатқа байланысты парыздар ғана қамтылған әрі кейбір жерінде екі парыз бір парыз ретінде біріктіре берілген. Дәреттің парызы: 1. Бетті жуу; 2. Екі қолды шынтақпен қоса жуу; 3. Бастың төрттен бір бөлігіне мәсих тарту, яғни сулы қолмен сипау; 4. Екі аяқты тобығымен қоса жуу.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=