БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

16 болғандықтан мен оны сүйемін... . Әлемде Мұхаммедті (с.а.у.) таразылайтын еш нәрсе жоқ. Ол-өлшеуге келмейтіндей кемеңгер әрі ұлы тұлға»,-деп айтқан. Мұсылман емес ғалымдардың өзі Пайғамбарымызға (с.а.у.) осынша таңданыс білдіріп, ілтипат көрсеткенде, оның үмбеті болған біздер оған қаншалықты сүйіспеншілігіміз бен құрметімізді білдіруіміз керектігін ойланғанымыз жөн. Осы жерде мына мәселені де айта кеткен жөн. Пайғамбарымыз келгеннен кейін, оған дейінгі барлық пайғамбарлардың шариғаты өз үкімдерін жойған. Ақиқат пен билік тек Құран Кәрім мен Пайғамбарымызға өткен еді. Бір жолы Пайғамбарымыз (с.а.у.) Xз. Омардың (р.а.) қолынан үкімі жойылған Тәурат парақтарын көргенде оған ренішпен: «Сен де яһудилер мен христиандар сияқты маған берілген пайғамбарлық пен маған түсірілген Құранға күмәнмен қарайсың ба? Аллаға ант етейін, өзіне Тәурат түсірілген Мұса пайғамбар қазір тірі болса, маған ілесуден басқа шарасы болмайтын еді», – деген. Пайғамбарымызға (с.а.у.) Құран Кәрім түскеннен кейін Інжіл мен Тәураттың үкімі жойылды. Қияметке дейін үкімі жүретін жалғыз кітап — Құран Кәрім. Билігі мен үкімі жалғасатын тек — біздің Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.). Пайғамбарымызды жақыннан таниық Дүние мен ақыретте имандылық дәреже мен игілікке қол жеткізу, Пайғамбарымыз Мұхаммедті (саллаллаһү аләйһи уә сәлләм) жақыннан танып, оған нағыз үмбет болу арқылы ғана мүмкін болмақ. Пайғамбарымызды білмейтін, оны сүймейтін адам ешқашан ізгілік иесі бола алмайды. Пайғамбарымыздың аты Мұхаммед, әкесінің аты Абдуллаһ, анасының аты – Әмина. Ана құрсағында жеті айлық кезінде әкесі дүние салды. Милади 571 жылы 20-шы сәуірге сәйкес келетін Раби ул-әууәл айының 12-сі күні таңға жақын Мекке шаһарында дүниеге келді. Туылғанда ешбір

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=