БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
158 Дәретхана және моншаға сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығады. Ал үйге және мешітке оң аяқпен кіріп, сол аяқпен шығады. Жаман түс көргенде оқылатын дұға Қорқынышты, жаман түс көрген кісі оның өңінде болмауы үшін «Һүаллаһүлләзи...» аятынан бастап «Хашыр» сүресінің соңына дейін оқып, 1 рет «Фатиха», 11 рет «Ықылас» сүресін оқып, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) рухына бағыштап: «Уа, Раббым! Егер осы түсім жақсылық болса, жақсылығыңды жалғастыр. Жамандық болса, жақсылыққа ауыстыра гөр. Жақсылық болса бізге, жамандық болса, дұшпандарымызға бере көр», — деп дұға етеді. Жақсы бір түс тезірек өңге айналуы үшін, 1 рет «Фатиха», 11 рет «Ықылас» шәріп оқып, Пайғамбарымызға (с.а.у.) бағыштау керек. Бай болу үшін тілек: Алланың қалауымен бай болу үшін осы дұғаны таңертең және кешке үш реттен оқу керек: «Иә Хамидәл-фиғали зәлмәнни ғалә жәмиғи халқиһи билутфиһи». Жатарда оқылатын дұға «Аллаһүммә бисмикә әмүтү уә ахиә».
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=