БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
157 Көлікке мінерде оқылады «Бисмилләһи мәжраһә уә мурсәһә иннә рабби ләғафурур рахим». Таңертең, кешке оқылады: «Сүбханаллаһи мил әл мийзән уә мүнтәһәл ғилми уә мәбләғаррида уә зинәтәл ғарш». Бұл дұға таңертең және кешке үш рет оқылады. Адамның өмірінің ұзақ әрі бақытты болуына, иманмен көз жұмуына, көр азабынан құтылуына, сырат көпірінен өтуіне және жұмаққа кіруіне себепші болады. Дәретханаға кірерде оқылатын дұға «Әғузү билләһи минәл хубуси уәл хабәис». Дәретханадан шыққанда оқылатын дұға «Әлхамдү лилләһилләзи әзһәбә ғаннәл әзә уә ғафәни мин зәлик». Дәретханадан шығысымен осы дұғаны үзбей оқығандар несеп және дәрет жолдары ауруларына ұшырамайды.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=