БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
155 2. Қонақ алдындағы міндеттеріміз Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадис шәріпінде: «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман етсе, қонаққа сый-сияпат көрсетсін», – деген. Бұған қоса, қонақ келген жеріне жоқшылық пен таршылық емес, керісінше құт-береке ала келеді. Осыған орай Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Қонақ келген үйіне он түрлі береке алып келеді. Біреуін жейді, тоғызы сол жерде қалады», – дейді. Үй-жайы мен мүмкіндігі бар мұсылмандардың Ислам қағидаларын сақтап, мейманға (қонаққа) құрмет көрсетуі – аса маңызды міндеттерінің бірі. 3. Өзге де әлеуметтік міндеттеріміз • Басқалардың құқықтарымен санасып, ешкімге зиян тигізбеу. Мал-мүлкі мен намысына тимеу, ақысын жемеу. • Жақсылық жасау, өзгені көре алмаудан, күңшілдіктен сақтану. • Басқаларды менсінбеуден, сайқы-мазақ етуден сақ болу. • Өзгенің күнәсін, айыбын бетіне баспау.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=