БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

153 тыйымдарынан қашу. Султани рух осыларды орындау арқылы хайуани рухтан басым түседі. Жоғарыда айтылғандай, бұлар денеде өз биліктерін жүргізеді. Біреуінің сипаты екіншісіне қайшы келгендіктен үнемі бір-бірімен күресіп, шайқасып жатады. Хайуани рухтың негізі «әммарә биссуу». Яғни ерекше күшпен жамандықты әмір ету. Оны «нәпіс» дейді. Міне, бұл Алла Тағаланың Жәлал сипатының көрінісі ретінде жаратылып, үнемі Алланың ризалығына қарсы істерден ләззаттанып, күш-қуат алып отырады. Султани рухтың негізгі сипаты – сафия. Оны адамдық сипат деп атайды (Осы сипатқа ие болған адам кәміл адам болады). Бұл сипат Алла Тағаланың Жамал сипатының көрінісі ретінде жаратылғандықтан, Алла Тағаладан және Оның ризалығынан бір адым алыстағысы келмейді. Осы себепті екі сипат бір-біріне қарама-қайшы болып, адамның бойында өзара арпалысып жатады. Мысалы, бір денеде султани рух хайуани рухтан басым түспей, хайуани рухты өз бетімен жіберетін болса, ол өзінің әммаралық (билеуші) сипатын жоймайды. Уақыты келе бас көтертпей султани рухты жеңіп кетсе, адам хайуан сияқты болып кетеді. Мүмкін, одан да төмендеп (Хасиратут дуниа уәл ахираһ) дүние және ақырет қасіретіне ұшырайды. Ал, султани рух хайуани рухты қараусыз қалдырмай, онымен күресіп отырса, онда қарсыласын өзіне тәуелді етеді. Әрбір бұйрығына бағындырып, Иләһи әмірді орындата алатын болады. Міне, осындай адамдардың жеңіске жетуі мүмкін. Бірақ, қайта сүрініп кетуден сақтану керек. Өйткені нәпістің айласы өте көп». ДІН ЖАЮ – ҰЛЫЖОЛ Мұсылмандар өзіне парыз етілген ғибадат- құлшылықтарын орындаумен қатар Алланың дінін басқаға үйретуде де барлық күш-жігерін салулары қажет. Себебі ислам тарихына көз жүгіртсек, Пайғамбарымыздың (с.а.у.)

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=