БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

152 Әсіресе, үлкен күнәларға барған адамдар мына дұғаны көбірек оқығаны жөн: «Аллаһүммә мәғфиратүкә әусәғу минзүнүби уә рахмәтукә әржә ғинди мин ғамәли». Пендедегі барлық күнәлар мен жаман әдеттің басты себепшісі «нәпсі әммара». Пайғамбарымыз (с.а.у.) нәпіс жайында: «Сенің ең үлкен дұшпаның - екі қасыңның ортасындағы нәпсің», – деген. Мұхаммед Шәмсиддин Нури хазіретінің «Мифтахул-құлуб» атты кітабынан қысқаша осы нәпсінің не екендігін білейік: НӘПСІ ӘММАРА «Адамда екі рух бар. Бірі хайуани рух, бұл Алла Тағаланың құдірет (Жәлал) сипатымен жаратылған. Екіншісі султани рух, ол Алла Тағаланың көркем (Жамал) сипатымен жаратылған. Адамның бойындағы осы екі патшалықтың өзіне тән уәзірі мен шейхулисламдары бар. Пенденің бойын осылар билейді. Хайуани рухтың уәзірі дүниелік ақыл, ақыл-кеңесшісі – Шайтан. Султани рухтың уәзірі ақыреттік ақыл, ал кеңесшісі, шейхулисламы – періште. Ол солармен ақылдасады. Хайуани рухтың қалауы тек ішіп-жеу, киініп, үлде мен бүлдеге орану. Яғни, сырттай қарағанда адамға ләззат беретін не болса, солар арқылы масаттанып, күшейіп, султани рухты жеңіп отырады. Султани рухтың қалайтыны – зікір, пікір, ғибадат және Алланың әмірлеріне бағыну,

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=