БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

151 ҮМІТСІЗДІК – ДҰРЫС ЕМЕС Өз-өзіне сенімділік те, үмітсіздік те күпірлік. Яғни, «Мен осынша жақсылық жасадым. Енді жұмаққа баратын болдым», – деп ойлап, сондай сеніммен өзін Алланың азабынан құтылғанына сендіру немесе, «Мен осынша күнә істедім. Тозаққа кіретін болдым. Маған құтылу жоқ» деп үмітсіздену де күпірлік. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мұсылман үміт пен үрей арасында болады», –деген. МұсылманАлланың рақымшылығын ойлап үміт құшағында болса, өзінің қате- кемшіліктерін ойлап үрей ішінде жүреді. Егер жұмаққа бір кісі кіреді десе, «Мен емеспін бе екен?» – деп үміттенсе, тозаққа бір кісі кіреді десе «Мен емеспін бе екен?» – деп үрейленеді. Бір Құдси хадисте Алла Тағала: «Құлым маған бір қарыс жақындаса, мен оған бір кұлаш жақындаймын. Құлым маған жүріп келсе, мен оған жүгіріп барамын», – деген. Бұл Құдси хадис кешірім және тура жол сұраған құлын Алла Тағала кешіруге асығатындығын көрсетеді. ТӘУБЕНІҢ ҚАБЫЛ БОЛУ ШАРТТАРЫ 1. Адам істеген күнәсінің зияны мен зардабын білуі керек. Өйткені, күнә адамды дүние мен ақырет бақытынан алыстатады. 2. Адам күнә істеген кезде жүрегі ауырып, өкінуі тиіс. 3. Қайтып күнә жасамауға бекінуі керек. Күнәға батса, артынан дереу жақсылық жасап, намаз оқып, истиғфар етуі керек. Ең үлкен истиғфар – тәсбих намазы. Сонымен қатар ақысын жеп, зиянын тигізген адамдардың кешірімін алып, татуласуы қажет. Көңілі салғырт әрі күнә жасауға ниетті болып тұрса, тек қана тілмен жасалған тәубе және истиғфар пайдасыз. Үлкен истиғфар «Сүбханаллаһи уә бихамдиһи сүбханаллаһил-ғазим әстәғфируллаһәл ғазим уә әтүбү иләйк».

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=