БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
150 2. Жазықсыз адам өлтіру; 3. Арлы әйелге жала жабу; 4. Зинақорлық; 5. Соғыстан қашу; 6. Сиқыр жасау; 7. Жетімдердің малын жеу; 8. Мұсылман әке-шешеге қарсы шығу; 9. Харам шәріпте күнә жасау; 10. Өсімқорлық; 11. Ұрлық жасау; 12. Ішімдік ішу. Сондай-ақ үзбей жасалған кіші күнәлар да үлкен күнәға жатады. КҮНӘ ДЕРТІНЕН ҚҰТЫЛУДЫҢ ЖОЛЫ— ТӘУБЕ ЖӘНЕ ИСТИҒФАР Кір-дақты сабын мен судың тазартатыны сияқты, жүректі қарайтқан, адамды тозаққа апаратын рухани кесел мен көңіл кірін де тәубе мен истиғфар, сондай-ақ Алладан қорқып, төгілген өкініш жасы тазартады. Адам баласы тумыста таза, пәк әрі көркем жаратылған. Пайғамбарымыз (с.а.у.) адам өмірге келгенде жүрегі айнадай аппақ, кіршіксіз болып келетіндігін айтқан. Адам осы жүрегін қарайтып, күдік пен күмән, жамандық, азғындық, қызғаныш, өшпенділік және кек сияқты қараңғылықпен толтыратын болса, ол қауіпті ауруға шалдыққандығы. Бұл дерттен айықпаса, Құдай сақтасын, бараржері тозақ болады. Бұл аурудан айығудың шарасы – тәубе және истиғфар ету. Сондай-ақ жүрегіндегі жаман ойлар мен сезімдерден арылып, өкінішпен көз жасын төгу. Адам күнәларынан тазару үшін тәубе және истиғфарды тастамауы керек. Әсіресе, таңертең және түн жарымында намаз оқып, салауат шәріп пен дұға-тілектер тілеп, Алла Тағаладан рақымшылық пен кешірім тілеуі қажет.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=