БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

15 заман тұғын. Міне, дәл осындай дәуірде, Ардақты Пайғамбарымыз (саллаллаһү аләйһи уә сәлләм) МеккеМукәррамашаһарында милади 571 жылы Раби ул-әууәл айының 12-сі күні таңға жақын дүниеге келді. ПайғамбарлардыңсоңғыалқасыболғанПайғамбарымызға пайғамбарлық 40 жасында келгенімен, оған дейін де оның бойында талай ғажайып қасиеттер байқалған. Ол «Әмір етілгендей тура бол», деген Алланың әміріне толық бағынғандықтан, өмірінің әр сәтінде әділдік пен туралықтың шынайы үлгісін көрсете білген. Ол екі жүзділік пен жалғандық атаулыдан аулақ болған. Ешкім ешкімге сенбейтін сол шақта барлығы оған сенім артып, дау туа қалса, оның төрешілігіне жүгінетін және үкіміне разы болатын. Тіпті, оныңдұшпандарыда сенімділігі ментурашылдығын, екі жүзділік пен жалған атаулыдан аулақ болғандығын мойындаған. Оның теңдессіз ахлағы мен жоғары мінез- құлқына бас иіп, оны «Мұхаммед үл-Әмин» (Сенімді Мұхаммед) деп атаған. Осылайша, әлемге рақым ретінде келген Пайғамбарымыз жер-жаһанды қараңғылық жайлаған тұста дүниеге келіп, негізсіз наным-сенімдерді жойып, иман мен ислам нұры арқылы ғаламды қараңғылықтан құтқарып, адам баласына дүние мен ақыреттің бақыт кілтін ұстатып, шынайы мәдениет жолын көрсетті. Бүгінгі таңда Ислам тарихын бейтарап тұрғыдан зерттеуші шығыстанушы (мұсылман емес) ғалымдардың өзі, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жоғары мәртебесін, көркем мінезін және адамзат үшін нағыз рақым әрі ұлы құтқарушы екендігін мойындауға мәжбүр болып, оған деген таңданыстарын жасыра алмайды. Мұхаммед Әсад тәржімалаған бір еңбекте әйгілі ағылшын фиолософы Томас Карлайл: «Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) риядан мүлдем алыс

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=