БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

149 өкілдік беріп, жанында тұруы абзал. Құрбан етін үшке бөлу – мүстахаб. Бір бөлігі өз отбасына нәпақа, екінші бөлігі дос-жарандарына сый-сияпат, үшінші бөлігі кедейлерге садақа ретінде беріледі. Ақиқа құрбаны Жаңа туған сәби үшін Алла Тағалаға шүкір ниетімен шалынған құрбанға «Ақиқа» құрбаны деп айтылады. Ақиқа құрбаны – мүстәхаб амал. Сәби туылған күннен бастап кез- келген уақытта шалуға болады. Жетінші күні шалған абзал. Сәби туылғаннан кейін жетінші күні шаштары алынып, шашының ауырлығындай алтын немесе күміс садақа беріліп, құрбан шалынады. Ұл мен қыз бала үшін бір құрбан шалынады. «Ұл бала үшін екі құрбан шалынады» деген ғұламалар да бар. Құрбанға жарамды әр жануарды ақиқа үшін союға болады. Ақиқа құрбанының сүйектері сәбидің денінің сау, аман болуы үшін жақсы ниетпен сындырылмай, буындарынан бөлінеді. Немесе сәбидің кішіпейіл болу және жаман мінез- құлықтан аулақ болу мақсатында сындыруға болады. Екеуі де – мүстахаб. Ақиқа құрбанының етін иесі жеуіне, басқаларға да жегізуге болады. Еттің біраз бөлігін немесе барлығын не құрбанның өзін садақа қылуына да болады. КҮНӘ ДЕГЕНІМІЗ НЕ ЖӘНЕ ҮЛКЕН КҮНӘЛАР ҚАЙ- СЫЛАР? Күнә – Алла Тағаланың харам еткен (тыйым салған) кез- келген нәрсе. Күнәлар екі бөлінеді: 1. Үлкен күнәлар; 2. Кіші күнәлар. Үлкен күнәлар: 1. Аллаға серік қосу;

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=