БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

148 Қажылық жайында кеңірек мәлімет алғысы келетіндер «Қажылық және Ұмра» атты кітабымыздан оқуына болады. ҚҰРБАН Құрбан – Құрбан айт күндері Алла Тағалаға жақындық үшін, ғибадат ниетімен арнайы малды құрбандыққа шалу. Пітір садақасы өзіне уәжіп болатын кісілерге құрбан шалу да уәжіп. Яғни нисабқа ие, бостандықтағы әрбір мұсылманға уәжіп. Құрбандық кісінің өз нәпсісінің өтемі ретінде шалынады. Алла ризалығы үшін ықыласпен шалынған құрбанның ең бірінші аққан қанымен оны шалған мұсылманның күнәлары кешірілетіндігі баяндалады. Құрбан шалу уақыты Құрбанның шалынатын уақыты – құрбан айттың 1, 2 және 3-күндері. Бірақ күндерін дұрыстап білу керек. Шама келгенше үшінші күнге қалдырмауға тырысу керек. Ең абзалы бірінші күні шалу. Құрбан шалу тәртібі және ниеті 1. Құрбанға арналған малды жәймен, қинамай құбылаға қаратып жатқызады; 2. Құрбандықты жықпай тұрып дұғасы оқылады; 3. Үш рет «Аллаһү әкбар, Аллаһү әкбар. Лә иләһә илләллаһү уалл аһү әкбар. Аллаһү әкбар, уәлилләһил хамд»-деп, тәкбір айтылып: «Уа, Раббым! Менің мына денем саған қарсы көптеген қате-кемшіліктер мен күнә жасады. Кешіріміңе ие болу үшін өзімді құрбан етуім керек еді, бірақ Сен шариғатыңмен адамды құрбандыққа шалуды харам қылғандықтан, өзімнің орныма осы малды құрбандыққа шалғалы жатырмын. Уа, Раббым! Қабыл қыла гөр! Бисмилләһи Аллаһү әкбар», – деп ниет етіліп, құрбандық бауыздалады. Ең жақсысы, кісінің өз құрбандығын өзі бауыздағаны абзал. Бірақ бауыздауды білмейтін кісі мұсылман бір кісіге

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=