БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
147 ҚАЖЫЛЫҚ Қажылық – Зилхижжа айында ихрамға оранып, арафа күні Арафатта тұру және Қағбаны тауап ету. Қажылық шарттарына сай әрбір мұсылманның өмірінде бір рет қажылыққа баруы парыз. ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ ПАРЫЗ БОЛУ ШАРТТАРЫ: 1. Мұсылман болу; 2. Балиғатқа толу; 3. Ақыл-есі дұрыс болу; 4. Бостандығы болу; 5. Негізгі қажеттілігі мен үйіне қайтқанға дейін отбасына және өзінің жол жүруіне жететіндей қаражаты болу; 6. Ислам мемлекеті емес жердегі мұсылман кісі, қажылықтың парыз екендігін білуі. ОРЫНДАЛУЫНЫҢ ПАРЫЗ БОЛУ ШАРТТАРЫ: 1. Дені сау болуы; 2. Сапары қауіпсіз болуы; 3. Әйел кісінің күйеуі немесе өзіне жақын кісі (ұлы, бауыры, әкесі секілді некелесуге болмайтын жақыны) жанында болуы; 4. Күйеуі өлген немесе ажырасқан әйелдің ғиддеті (күту мерзімі) аяқталған болуы; 5. Қамауда болу сияқты бөгеттің болмауы. ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ ДҰРЫС БОЛУ ШАРТТАРЫ: 1. Ихрам (қажылық ниетімен ихрам кию); 2. Уақыт (Зилжижжа айы); 3. Орын (Қағба және Арафат); 4. Ислам (яғни мұсылман болу).
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=