БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

144 Иғтикафтың шарттары Иғтикафқа кіретін кісі мұсылман және ақылды болуы керек. Жүніп, хайыз және нифас болмауы қажет. Иғтикафқа ниет етуі керек. Иғтикаф мешітте немесе мешіт үкіміндегі орында жасалуы керек. Уәжіп иғтикафта аузы берік болуы қажет. Әйелдердің өз үйінде мешіт ретінде қолданған орындары мешіт үкімінде болады. Иғтикафқа кірген кісінің ешбір себепсіз мешіттен шығуы немесе әйеліменжақындасуы иғтикафты бұзады. Иғтикафқа кірген кісінің діни және адами мұқтаждықпен мешіттен шығуы иғтикафты бұзбайды. Жұма намазын оқу үшін жақын мешітке баруы осыған жатады. ПІТІР САДАҚА Пітір садақасы – Рамазан айында берілуі уәжіп саналатын, садақаның бір түрі. Нисапқа ие болған әрбір мұсылманға пітір садақасын беру – уәжіп. Пітір садақасын беру уәжіп болу үшін, мынадай шарттар қажет: Мұсылман болу, азат болу, күнделікті қолданатын негізгі қажеттіліктерінен тыс, кем дегенде, нисап мөлшеріне тең мал-мүлікке ие болу. Зекет сияқты мұнда мал-мүліктің көбеюі және бір жыл толуы шарт емес. Зекет берілетін жерлерге пітір садақасын да беруге болады. Уәжіп болатын уақыты: Ораза айт күні таң ағарғаннан бастап, айт намазын оқып біткенге дейін. Уақытынан бұрын беруге де болады.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=