БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
143 4. Сүю. (Мәни бөлінбеген жағдайда); 5. Таңға дейін есінен тану; 6. Ауызына келген қақырықты жұту; 7. Мұрнынан аққан сұйықты ішіне тарту; 8. Құлағына су кіру; 9. Тістерінің арасында қалған, бұршақтан кішірек тамақ қалдығын жұту; 10. Амалсыздан құсу (Көп мөлшерде болса да); 11. Сүрме тарту; 12. Ғайбаттау; 13. Көзге дәрі тамызу. ТАРАУЫҚ НАМАЗЫ Тарауық намазы – Рамазан айының сүннеті. Бұл намазды оқу мұсылман ер мен әйелге сүннет мүәккада. 20 рәкәғаттан тұрады. Жамағатпен оқу – сүннет. Жалғыз оқуға да болады. Құптан намазынан кейін, үтір намазынан бұрын оқылады. Екі немесе төрт рәкәғатта бір сәлем беріледі. Әр сәлемнен кейін біраз уақыт отыру сүннет. Осы кезде салауаттар, үммия салауаты, аят немесе дұға оқылады. Тарауық намазын оқыту кезінде имам жамағаттың жағдайына қарайды. Егер жамағаттың ішінде Шафиғи мәзхабының өкілдері болса, екі рәкәғатта бір сәлем береді. ИҒТИКАФ Иғтикаф – жамағатпен намаз оқылатын мешітте немесе мешіт үкіміндегі бір жерде иғтикаф ниетімен белгілі бір уақыт қалу. Иғтикаф уәжіп, сүннет муәккәда және мүстәхаб болып үшке бөлінеді. Нәзір етілген иғтикаф уәжіп болады. Рамазан айының соңғы он күнінде жасалған иғтикаф кифая жолымен сүннет муәккәда болады. Басқа уақыттарда ғибадат, құлшылық мақсатымен бір мешітте белгілі уақыт жасалған иғтикаф мүстәхаб болады.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=