БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

142 10. Күн батты деп ойлап ауыз ашу; 11. Құсығын аузынан шығармай жұту; 12. Әйелінен немесе жақсы көргенінен басқасының түкірігін жұту; 13. Өз түкірігін сыртқа шығарып, қайта жұту; 14. Тісі қанап, қан түкірігінен көп немесе түкірігімен бірдей болғанда жұту; 15. Жанған нәрсенің түтінін жұту. Оразаны бұзып, қаза мен кәффаратты қажет ететін жағдайлар: 1. Біле тұра ішіп-жеу; 2. Біле тұра жыныстық жақындықта болу; 3. Біле тұра шылым шегу; 4. Біреуді ғайбаттағаннан кейін, оразасы бұзылмаса да ішіп-жеу; 5. Әйелі немесе жақсы көргенінің түкірігін жұту. Осы аталғандардың біреуін жасаған адам оразасының 1 күндік қазасын өтеп, кәффарат ретінде үздіксіз екі ай ораза ұстайды. Ораза ұстаған кісіге мәкруһ болатын нәрселер: 1. Ешқандай зәрулік болмаса да, бір нәрсенің дәмін тату; 2. Себепсіз бір нәрсені шайнау. 3. Дәмі жоқ сағызды немесе басқа нәрсені шайнау; 4. Сүю; 5. Жұбайын құшақтау; 6. Түкірігін аузына жинап жұту; 7. Қан алдыру. Оразаны бұзбайтын жағдайлар: 1. Ұмытып ішіп-жеу және жыныстық жақындықта болу; 2. Құшақтап, ойнап немесе сүю арқылы емес, қарау немесе ойлау арқылы мәнидің бөлінуі; 3. Ұйқыда болған кезде мәнидің бөлінуі;

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=