БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

141 әр айдың 13-14-15-күндері болуы – мәндуб. Нәпіл ораза – жоғарыда айтылған оразалардан басқа мәкруһ саналмайтын барлық оразалар. Мәкруһ ораза – тек қана Ашура күнінде (9 немесе 11- күндерін қоспай) ұсталған ораза. Ораза айттың 1- күні, құрбан айттың 1,2,3 және 4-күндері ұсталған ораза. Бұл харамға жақын мәкруһ. Ораза тағы екі түрге бөлінеді: 1. Кештен бастап ниет етілетін оразалар: Рамазан оразасының қазасы, бұзылған нәпіл оразаның қазасы, күнбе-күн ұсталатын кәффарат оразасы, уақыты белгісіз нәзір оразалары. Бұларға міндетті түрде кештен бастап ниет ету керек. 2. Кештен ниет етуді қажет етпейтін оразалар: Рамазан айында ұсталатын ораза, уақыты белгілі нәзір оразасы және нәпіл оразалар. Бұларға кештен бастап ниет ету шарт емес. Кештен ниеттенуға болғаны сияқты, түске дейін ниет етсе де болады. Рамазан айында ораза ұстаған адам мейлі жалпы ораза деп ниет етсін, мейлі нәпіл немесе қандай да бір уәжіп оразаға деп ниет етсін, бәрібір ұстаған оразасы Рамазан оразасы болып саналады. Оразаны бұзып, қазасын өтеу керек болған жағдайлар: 1. Ораза екенін біле тұра тамағынан бір нәрсенің өтуі; 2. Аузына немесе мұрнына апарған судың тамағынан өтуі; 3. Рамазан оразасына ниет етпестен тамақ жеу. 4. Ұмытып жегеннен кейін оразасы бұзылмаса да, «бұзылды» деп ойлап, біле тұра жеп-ішу; 5. Аузына кірген қар немесе жаңбыр суын жұту; 6. Ине салдыру, 7. Мұрнына дәрі тамызу, 8. Құлағына май тамызу; 9. Сәресі уақыты өтсе де, өтпеді деп ойлап сәресі ішу;

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=