БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
140 ОРАЗА Исламның үшінші шарты – ораза. Ораза – адамның ғибадат ниетімен сәресі уақытынан бастап, күн батқанға дейін ішіп-жеуден және жыныстық жақындықтан тыйылуы. Оразаның парыздары: 1. Ниет ету. 2. Ниет еткен кезеде оразаның басталатын және аяқталатын уақыттарын білу. 3. Фәжір садықтан (имсақ) бастап күн батқанға дейін оразаны бұзатын нәрселерден ұзақ болу. Оразаның басталатын уақыты «имсақ», ал ауыз ашар «ифтар» деп аталады. Оразаның түрлері: 1. Парыз 2. Уәжіп 3. Сүннет 4. Мәндуб 5. Нәпіл 6. Мәкруһ. Парыз ораза – Рамазан айында ұсталатын ораза, Рамазан айында ұсталмаған оразалардың қазасы және кәффарат оразалары. Уәжіп ораза – нәпіл ораза бұзылған жағдайда ұсталатын оның қазасы мен нәзір ораза. Сүннет ораза – Мұхаррам айының 9 және 10 (Ашура) күндері ұсталатын ораза. Мәндубораза – әр айда үш күн ораза ұстау. Бұл үш күннің, мұсылман күнтізбесі бойынша («әйям-и бийз» деп аталатын)
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=