БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
14 ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (С.А.У.) Пайғамбарымыздың қасиетті ата-тегі: Пайғамбарымыздың (саллаллаһү аләйһи уә сәлләм) өзінен бастап Исмайыл аләйһис–сәләмнің ұрпағы Аднанға дейінгі қасиетті ата-тегі төмендегідей: Хз. Мұхаммед (с.а.у.), Абдулла, Абдулмұтталиб, Хашим, Абдуманаф, Құсай, Килаб, Мұрра, Кағб, Лүәй, Ғалиб, Фиһр, Малик, Надыр, Кинана, Хұзайма, Мүдрикә, Илияс, Мүдар, Низар, Мағад, Аднан. Пайғамбарымыздың анасы Әмина жағынан ата-тегі: Хз. Мұхаммед (с.а.у.), Әмина, Уәһб, Абдуманаф, Зүһра, Килаб. Пайғамбарлар арасында қай жағынан алсақ та, ұлы әрі ең үстемі - күмәнсіз Пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.). Пайғамбарымыздан бұрын келген пайғамбарлардың көбісі белгілі бір қауымға, ру-тайпаға, елді-мекенге жіберілген. Ардақты Пайғамбарымыз болса, барша адамзат пен тіршілік иесіне, он сегіз мың ғаламға рақым ретінде жіберілген. Оның адамзатқа орасан зор рақымын толық түсіну үшін ол келгенге дейінгі қоғамдық ахуалға назар аударған жөн. Пайғамбарымызға (с.а.у.) дейінгі дәуірде жер бетінде түрлі жамандық пен азғындық, зорлық-зомбылық үстемдік құрды. Ол кездерде адамдар адасушылық пен надандық құрсауында қалған болатын. Адамзат әділет пен мәдениеттен жұрдай болып, қорқынышты бір жағдайға тап болған еді. Нәпсіқұмарлық пен ардан безушілік, әртүрлі зұлымдық пен зомбылық белең алды. Күшті әлсіздің ар- намыстарын аяққа таптап, мал-мүлкін тонап, тартып алатын еді. Тіпті, кейбіреулер ескі, жалған наныммен өз қыздарын өздері өлтіріп, көметін-ді. Азғындық пен ұятсыздық өршігені соншалық, әйелдің қоғамда титтей де қадірі болмай, ақшаға сатылатын затпен тең еді. Адамдардың бір-біріне деген өшпенділігі артып, тайпаларға бөлініп, қантөгіс тыйылмаған
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=