БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

138 «Сүбханаллаһи уәл хамдү лилләһи уәлә иләһә иллаллаһү уәллаһү әкбар уәлә хаулә уәлә қууәтә иллә билләһил ғалийл ғазим» дұғасы; • 14 рет «Салаты мүнжия» оқылып, дұға жасалады. Қадыр түні Қадыр түнінде төрт рәкәғат намаз оқылады. Әр екі рәкәғатта бір сәлем беріледі. Бірінші рәкәғатта бір «Фатиха», үш «Қадыр» сүресі, Екінші рәкәғатта бір «Фатиха», үш «Ықылас» сүресі оқылады. З және 4 рәкәғаттар тура осы тәртіппен оқылады. Намазға: «Уа, Раббым! Осы түннің құрметіне, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) құрметіне, рақымыңның құрметіне тәубемді қабыл ал. Мені кешіріп, нұрыңа бөлеген құлдарыңның арасына қос», – деп ниет етіледі. Намаздан кейін бір рет: «Аллаһү әкбар, Аллаһү әкбар. Лә иләһә илләллаһү уаллаһү әкбар. Аллаһү әкбар, уәлилләһил хамд» – дұғасы оқылады.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=