БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

137 Бәраат түні Шағбан айының 15-түні, яғни 14-інен 15-іне қараған түн – Бәраат түні. Бұл түнде 100 рәкәғат намаз оқыған адам сол жылы дүниеден өтсе, иншаллаһ шәһид болады. Намазға: «Уа Алла! Ниет еттім ризалығың үшін намазға. Мені кешіріміңе, нұрыңа бөлей гөр. Тас жүректіліктен, дүние және ақырет қиыншылықтарынан құтқар, бақыттылар дәптеріне тіркей гөр!», – деп ниет етіледі. Екі рәкәғатта бір сәлем беріліп, әр рәкәғатта 1 «Фатиха», 10 «Ықылас» сүресі оқылады. Осылайша 100 рәкәғат оқылады. Намаздан кейін оқылатын дұғалар: • 14 рет: «Әстағфируллаһәлғ азиймә уә әтүбү иләйк» истиғфары; • 14 рет: «Аллаһүммә салли уә сәллим уә бәрик ғалә сәйидинә Мұхаммәдин уә ғалә әли Мұхаммәд» салауаты; • 14 рет «Фатиха» сүресі; • 14 рет «Аятүл күрсі»; • 14 рет «Ықылас» сүресі; • 14 рет «Фәлақ» сүресі; • 14 рет «Нас» сүресі; • 14 рет:

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=