БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
135 түні. Бұл түнде ақшам мен құптан арасында 12 рәкәғат қажет намазы оқылады. Әр екі рәкәғатта сәлем беріледі. Намазға: «Уа, Раббым! Мені Пайғамбарымыздың (с.а.у.) құрметіне, нұрыңа, кешірімің мен ризалығыңа бөлей гөр. Тақуа құлдарыңның арасына қосып, дүние және ақыреттегі қиындықтардан құтқар. Аллаһү Әкбар» ,-деп ниет етіледі. Әр рәкәғатта 1 «Фатиха», 3 «Инширах», 12 «Ықылас» сүрелері оқылады. Намаз біткен соң 7 немесе 70 рет «Салаты Үммия» оқылады. «Салаты Үммия» мынадай: «Аллаһүммә салли ғалә сәийдинә Мұхаммәдинин-Нәбийл үммий уә ғалә әлиһи уә сахбиһи уә сәллим». Сәждеге барып, сәждеде 70 рет мына дұға оқылады: «Сүббүхун қуддүсүн раббүнә уә раббүл мәләикәти уар рух». Сосын сәждеден басын көтеріп, отырып мына дұғаны оқиды: «Раббиғфир уәрхам уә тәжәуәз ғәммә тәғләм. Иннәкә әнтәл әғаззүл әкрам».
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=