БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
134 ҚҰРАН КӘРІМДЕГІ ТИЛАУАТ СӘЖДЕЛЕРІ Құран Кәрімде тилауат сәждесі бар аяттардың тұсында «сәжде» деп жазылған. Осы аяттарды оқыған кезде сәжде жасау уәжіп болады. Сәжде аятын оқығаннан кейін құбылаға бұрылып, қолды көтермей:«Аллаһү әкбар»,-деп тәкбір алып, сәждеге барып, үш рет «сүбханә раббиәл ағлә», – деп айтқаннан кейін: «Аллаһү әкбар» – деп тәкбір айтып тұрып, «Сәмиғнә уа атағнә ғуфранәкә раббәнә уә иләйкәл мәсыир», – дейді. Сәжде аятын естіген адамның да сәжде етуі тиіс. Құран Кәрімдегі сәжде аяттары: 1. Ағраф сүресі, 206-аят 7. Нәміл, 25 2. Рағыд, 15 8. Сәжде, 15 3. Нахл, 49 9. Сад, 24 4. Исра, 107 10. Фүссилат, 37 5. Мәриям, 58 11. Нәжім, 62 6. Хаж, 18 12. Иншиқақ, 21 13. Фұрқан, 60 14. Алақ, 19 ҚАСИЕТТІ ТҮНДЕР ЖӘНЕ БҰЛ ТҮНДЕРДЕ ЖАСАЛАТЫН ҒИБАДАТТАР Мәуліт түні Рабиуләууәл айының 12-сі, яғни 11-нен 12-сіне қараған түн – Пайғамбарымыздың (с.ғ.у.) дүниеге келген Мәуліт түні. Бұл түнде бір тәсбих намазы оқылады. Намазға: «Уа, Алла! Бұл түнде дүние есігін ашып, әлемді нұрға бөлеген сүйікті Расулің, Пайғамбарымыздың (с.ғ.у.) құрметіне мына мендей әлсіз құлыңды кешіріп, нұрыңа бөлей гөр. Аллаһү әкбар», – деп ниет етіледі. Рағайып түні Қасиетті үш айдың біріншісі Ережеп айының алғашқы жұма түні, яғни бейсенбіден жұмаға қараған түн – Рағайып
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=