БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
133 Ғибадат тұрғысынан мұсылманның тұратын мекені үш түрлі: 1. Уатан-и асли; 2. Уатан-и иқамат; 3. Уатан-и сукна. Уатан-и асли – адамның туып-өскен жері. Сонымен қатар үйленіп немесе басқа себептермен тұрақтап тұруға ниет еткен жері тұрақты мекені болып саналады. Тұрақты мекеннің үкімі басқа тұрақты мекенмен бұзылады. Мысалы, туып-өскен жері өзінің тұрақты мекені болған адам, басқа қалаға барып, сол жерде үйленіп, тұрақтап қалуға ниеттенсе, бұдан кейін оның туып-өскен жері тұрақты мекен болудан шығады. Енді, туған жеріне 15 күннен аз уақытқа барғанда 4 рәкәғаттық намаздарын 2 рәкәғат қылып оқиды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мәдина қаласынан өзінің туып-өскен әрі үйленген жері Мекке қаласына барған кезде намаздарын қысқартып оқыған еді. Егер бірнеше әйелі болып, әрбіреуі әр қалада тұратын болса, бұл қалаларға барғанда, ол адам жолаушы болып саналмайды. Тұрақты мекен иқама мекенмен бұзылмайды. Уатан-и иқамат: Бір адамның тұрақты мекенінен кем дегенде 90 шақырым ұзақтықтағы, ең аз 15 күн қалуға ниет еткен ниет еткен уақытша мекені. Бұл жерде намаздар қысқартылмай толық оқылады. Бір уатан-и иқамат басқа бір уатан-и иқаматқа барумен немесе уатан-и аслиға оралумен бұзылады. Бірақ уатан-и сукнамен бұзылмайды. Уатан-и сукна: Бір адамның тұрақты мекенінен кем дегенде 90 шақырым ұзақтықтағы жерде 15 күннен аз уақыт қалуға ниеттенген жері. Сүкна мекенде 4 рәкәғаттық парыз намаздар 2 рәкәғат болып оқылады. Яғни сапарда болып саналады.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=