БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

132 бастап сапардағы адам болып саналады. Егер Рамазан айында жолға шықса, ораза ұстамауына болады. Бірақ ұстамаған күндерінің қазасын өтеуі керек. Денсаулығына зиян келмейтін болса, ораза ұстағаны дұрыс. Сапардағы адамның төрт рәкәғаттық парыз намаздарды екі рәкәғатқа қысқартып оқиды. Ақшам намазы мен үтір намазын қысқарытпай толық оқиды. Жол қауіпсіз, намаз оқуға мүмкіншілік және уақыт кең болса намаздардың сүннеттерін де өтейді. Жол қауіпті, машақатты болып, уақыт тар болса сүннеттерді оқымайды. Бір адам төрт рәкәғатты парыз намазын жолаушы болғанда толық өтесе қателескен болады. Бұл қателігіне тәубе етуі керек. Мұнымен қоса, сәлемді кешіктіргені үшін сәһу сәждесін жасайды. Бірақ сол жердегі мұқим имамға ұйыса, намазын имаммен бірге толық оқиды. Егер өзі имам болса, екі рәкәғаттан кейін сәлем береді. Жамағаттан жолаушы болғандары имаммен бірге сәлем беріп, ал мұқим (тұрғылықты) болғандары имамның сәлемінен кейін тұрып, қалған рәкәғаттарын тамамдайды. Қалған рәкәғаттарын толықтау үшін тұрғанжамағат, қиямда фатиханы оқыса да, оқымаса да болады. Егер оқымайтын болса, оқитындай уақыт күткеннен кейін рүкуға барады. Егер жолаушы баратын қалада немесе ауылда ең азынан 15 күн қалуға ниеттенсе, жолаушы болудан шығып, намаздарын толық оқиды. Ал 15 күннен аз уақытқа ниеттеніп, бірақ әртүрлі себептермен бүгін-ертең кетемін деп айлап, тіпті, жылдап сол жерде қалатын болса, жолаушы болып есептеледі. Жолаушы өзінің тұрақты тұрған жеріне келген кезде жолаушылықтан шығады. Тұрақты мекенінде аз уақыт қалса да, намаздарын толық оқиды. Бір адам сапарда оқылмаған төрт рәкәғаттық парыз намаздарын сапарда да, үйіне оралғанда да екі рәкәғат қылып, ал мұқим кезінде қаза болған төрт рәкәғат намаздарын, сапарда да төрт рәкәғат қылып өтейді.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=