БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

131 Қабір сұрақ жауаптары - Раббың кім? - Раббым Алла Тағала. - Дінің не? - Дінім Ислам. - Пайғамбарың кім? - Пайғамбарым Мұхаммед (с.а.у.). - Кітабың қайсы? - Кітабым Құран Кәрім. - Құбылаң қай жақта? - Құбылам Қағба Муаззама. Қабір зияраты Қабірді зиярат ету мұсылман ер мен әйелдерге – мүстәхаб. Қабір басында 1 «Фатиха» мен 11 «Ықылас» оқылып бағышталады. Мұнымен бірге «Ясин» сүресі мен «Тәкәсүр» сүрелерін де оқу мустахаб болады. Құран бағыштамай өтіп кету, қабірдің үстінде ұйықтау, қабірді ластау – мәкруһ. Егер бір адам қабірдің үстін басуға мәжбүр болса, 1 «Фатиха» мен 11 «Ықылас» оқып, қабір иесіне бағыштап өте беруіне болады. Қабірдің жасыл шөбі мен өсіп тұрған ағашын кесу, жұлу – мәкруһ. Бұлар өскен сайын қабірде жатқан пенденің күнәларына кәффарат болады. Қурап қалғандарын алып тастауға болады, ең дұрысы, оларға да тиіспеу. Оларды үйіне апарып жағу әсте дұрыс емес, бұған ерекше мән берген жөн. САПАР ЖАЙЫНДА Сапар - құрлықта түйенің жүрісімен немесе жаяу жүріспен 18 сағаттық яғни 90 км. ал теңізде 60 милдік қашықтыққа шығу. Ал, мұндай қашықтыққа сапарға шыққан адам жолаушы болып есептеледі. Қандай көлікпен шықса да, қанша уақытта жетсе де, ниет етіп жолға шыққан адам сапар үкімдеріне бағынуы тиіс. Өзі тұрған ауылдың немесе қаланың шетіне шыққаннан

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=