БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

130 Мәйітті қабірдің құбыла жағынан түсіріп, оң жағымен жатқызады да жүзін құбылаға қаратады. Қабірге қояр кезде «бисмилләһи уә ғалә милләти Расулилләһи» деп айтылады. Кебіннің бас-аяғындағы байлауы шешіледі. Мәйіттің үстін топырақ басып қалмау үшін лахдтың аузы кірпіш, тақтай сияқты нәрселермен жабылады. Қабірдің үсті тек өзінен шыққан топырақпен ғана жабылады. Бір қарыстай ғана үйілсе, жеткілікті. Топырақ ұзын немесе төрт бұрыш емес, түйе (нар) өркеші сияқты үйіледі. Қабір иесі ұмытылмас үшін тасқа аты-жөнін жазып қоюға болады. Мәйітті үй ішіне жерлеу – мәкруһ. Тек қана пайғамбарлар үйге жерленеді. Күшпен тартып алынған жерге де жерлеуге болмайды. Қаралы үйге көңіл айту үш күн. Үш күннен кейін көңіл айту – мәкруһ. Қайтыс болған адамның рухына арнап, тәухид және Құран хатымдары оқылса қайтыс болған кісі үшін сауап болады. Тағы садақа беріп, пақыр, мұқтаждарға көмектесудің мәйіт үшін сауабы мен пайдасы өте мол амал. Қабір сұрағы Бақилықболғанадамқабіргекіргенненкейіноныңжанына екі періште келіп, Алла, діні, пайғамбары, кітабы туралы сұрақтар сұрайды. Иман, ғибадат және ізгі амал жасаған құлдарына Құдай Тағала періштелердің сұрағына жауап бере алатындай күш-қуат береді. Осылайша періштелердің сұрақтарына жауап бере алады. Ал кәпірлер мен күнәкарлар Мүнкәр, Нәкір атты сұрақ періштелерін көре салысымен, олардың сұсты бейнелерінен шошып, тілдері байланып қалады. Періштелер сұраққа жауап берген мұсылмандарды жұмақпен сүйіншілейді, сол сәттен олардың қабірі жұмақ бақшасына айналады. Жауап бере алмаған кәпірлер мен күнәкарларға: «Өз обалдарың өздеріңе», – деп айтылады, қабірі тозақ шұңқырларынан бір шұңқыр болады.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=