БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

129 Мәйіт ұл бала болса, жоғарыдағы дұға «ғаләл имән» дегеннен кейін былай оқылады: Аллаһуммәжғалһу ләнә фәратән уәжғалһу ләнә әжран уә зурха. Аллаһуммәжғалһу ләнә шәфиған уә мүшәффиған. Ал, қыз бала болса, «ғаләл имән» сөзінен кейін былай оқылады: Аллаһуммәжғалһә ләнә фәратән уәжғалһә ләнә әжран уә зурха. Аллаһуммәжғалһә ләнә шәфиғатән уә мүшәффиғатән. Ескерту: • Кейбір адамдар төртінші тәкбірден кейін, екі жаққа сәлем бергеннен соң қолдарын жібереді. Немесе оң жаққа сәлем бергенде оң қолын, сол жаққа сәлем бергенде сол қолын жібереді. Бұл екеуі де қате. Дұрысы қолды екі жаққа жібергеннен кейін сәлем беру. (Дүрер 1/53) • Имам: «Аллаһү әкбар», – деп дауыстаған сайын кейбіреулер басын шалқайтады, бұл да қате. • Намаз оқылатын орын немесе аяқкиім таза болмаса, аяқкиімді шешіп үстіне тұру керек. Қабір және жерлеу Намаз біткеннен кейін табыттың төрт жағынан ұстап апару сүннет болып саналады. Мүмкіндік болса, қырық адымдай көтерген дұрыс. Жылдам әрі теңселтпей алып жүру керек. Осы кезде дауыстап зікір айту, зират басында жаназаны жерлемей тұрып, отыру мәкруһ болып есептеледі. Қабірдің тереңдігі кем дегенде, адам бойының жартысындай, мәйіт оңай сыятындай кең қазылуы тиіс. Одан да терең болғаны тіпті жақсы. Егер жер қатты болса лахд (жан-ақым) жасалады. Яғни қабірдің құбыла жағы мәйіт сыятындай ойылып, мәйіт сол жерге қойылады. Ислам беріп, өлім бергендеріңе иман бер. Әсіресе, осы мәйітке жеңілдігің мен жан тыныштығын, кешірімің мен ризалығыңды бер. Уа Алла, егер ол жақсы болса, жақсылығын арттыр, жаман болса күнәсін кешір. Оған (о дүниеде) сенімділік беріп, жақсы хабармен сүйіншіле. Кереметіңді көрсетіп, Өзіңе жақын тұт. Уа, рақымды- лардың ең Рақымдысы. Оны кешіріміңе бөлей гөр.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=