БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
128 жәллә сәнәүк» сөзімен бірге оқылады. Сосын қолдар көтерілмей екінші тәкбір айтылады да, «Аллаһүммә салли» және «Аллаһүммә бәрик» дұғасы оқылады. Кейін үшінші тәкбір айтылып, жаназа дұғасы оқылады. Жаназа дұғасын білмейтіндер Құнұт дұғасын немесе дұға ниеті мен Фатиха сүресін оқиды. Содан соң төртінші тәкбір айтылып, қолдар екі жаққа жіберілгеннен кейін сәлем беріледі. Жаназа дұғасы (Үшінші тәкбірден кейін оқылады) «Аллаһүммағфир лихайинә уә мәйитинә уә шәһидинә уә ғаибинә уә кәбиринә уә сағиринә уә зәкәринә уә үнсәнә. Аллаһүммә мән әхиәйтәһү миннә фә ахииһи ғаләл исләм уә мән тәуәффәйтәһү миннә фәтәуәффәһү ғаләл имән. Уә хусса һәзәл мәйитә 1 бирраухи уәр рахати уәр рахмәти уәл мағфирати уәр ридуән. Аллаһүммә ин кәнә мүхсинән 2 фәзид фи ихсәниһи уә ин кәнә мүсиән фәтәжәуәз ғәнһү уә ләққиһил әмнә уәл бүшра уәл кәрамәтә уәз зулфә бирахмәтикә иә әрхамар рахимин» 3 . 1. Әйел болса «Һәзиһил мәийтә» деп оқылады. 2. Әйел болса «ин кәнәт мухфинәтән фәзид фи ихсәниһә уә ин кәнәт муси-әтән фәтәжәуәз ғанһә уә ләққиһил әмнә» деп оқылады. 3. Мағынасы: — Уа Алла, біздің тірілерімізді, өлілерімізді, осында болып-болмаған- дарымызды, үлкен-кіші, ер- әйелдерімізді кешіре гөр. Уа Алла, өмір бергендеріңе
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=