БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
127 матамен орап жерлейді. Кебіннің ақ түсті әрі мақтадан тоқылған болғаны жақсы. Мәйітті кебіндеу Мәйіт алдымен қамиспен (жеңі жоқ ұзындығы иығынан аяғына дейін келетін), сосын изармен бастан аяғына дейін кебінделеді. Лифафамен тағы бастан аяғына дейін оралып, екі ұшы буылады. Кебіннің сол жағы оң жағының үстіне келетіндей оралады. Әйелдердің кебіні осылардан басқа қамистің үстіне бас орамалы және кеуде жапқышпен қоса бес матадан тұрады. Жаназа намазы Жаназа намазы – қайтыс болған мұсылман үшін дұға мақсатында оқылатын намаз. Үкімі - парыз кифая. Жаназа намазының шарттары: 1. Мәйіттің мұсылман болуы. Мұсылман болып-болмағаны белгісіз адамға жаназа намазы оқылмайды. 2. Мәйіттің жуылып, таза кебінге оралуы; 3. Мәйіттің имам мен жамағаттың алдында болуы; 4. Мәйіт денесінің барлығы немесе жартысынан көп бөлігінің болуы. Егер денесінің жартысынан көбі жоқ болса немесе жартысынан көбі болғанымен басы болмаса, намаз оқылмайды, жуылмайды. Бір матаға оралып жерленеді. Жаназа намазының оқылу тәртібі Жаназа намазы төрт тәкбір және қиямнан тұрады. Бұл намазда сәжде мен рүку жоқ. Имам мәйіттің кеуде тұсында, ал жамағат оның артынан сап түзейді. Мәйіттің ер немесе әйел екендігі жамағатқа айтылып, жамағат соған қарай: «Ниет еттім Алла үшін намазға, мәйіт үшін дұғаға, ер (әйел) адам ниетімен ұйыдым алдымдағы имамға»,- деп жүрекпен ниеттеніп, имаммен бірге тәкбір алады. Бірінші тәкбірді айтқанда екі қол құлаққа дейін көтеріліп, кіндіктің астына байланады да «сүбханәка» дұғасы «уә
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=