БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
126 ЖАНАЗА ТУРАЛЫ Ажал аузында жатқан мұсылманның жүзі құбылаға қаратылып, оң жақ қырымен жатқызылады. Жанында кәлима шаһадат айтылып, «Ясин» сүресі оқылады. Жан тәсілім еткеннен кейін, жағын бір шүберекпен байлап, көздерін жұмдырып, екі қолын екі жағына қояды. Іші кеуіп кетпеуі үшін қарнына темір немесе тас қойылады. Мәйітті жуғанға дейін жанында Құран Кәрім оқылмайды. Басқа бөлмеде оқуға болады. Жуатын астаудың аяқ жағын құбылаға қаратып, мәйітті үстіне жатқызғаннан кейін, әурет жерлерін ашпай киімін шешіп, жылы сумен жуады. Қайтыс болған адам намаз оқу жасына келген болса, жуушы қолына шүберек орап, матаны ашпай әурет жерін жуады да, ауызы мен мұрынына су жібермей дәрет алдырады. Егер мәйіттің жүніп болғаны белгілі болса, ауызы мен мұрынына су жіберіледі. Жүніп болмаған адамның ернінің ішін, тісін, кіндік шұңқыры мен мұрын қуыстарын сулы шүберекпен сүрту жеткілікті. Басы мен сақалы сабынды сумен жуылады. Шашы таралмайды. Бұдан соң жуушы мәйітті сол жақ қырымен жатқызып, оң жағын, оң жақ қырымен жатқызып сол жағын жуады. Сосын оны отырғызып, ішін басып сипайды. Нәжіс шыққан жағдайда сумен жуып тазалайды. Қайтадан дәрет алдырудың қажеті жоқ. Содан кейін таза шүберекпен сүртіп, кептіріп, кебіндейді. Кебін Кебін – қайтыс болған мұсылманды қабірге қоярда орайтын мата. Ер адамдардың кебіні: қамис, изар, лифафадан; әйелдердің кебіні: қамис, изар, лифафа, бас орамал және кеуде жапқыш матадан тұрады. Бұлар табылмаған жағдайда ер адамдарға изар мен лифафа, ал әйелдерге изар, лифафа және бас орамал жеткілікті. Мұның өзі табылмайтын болса, мәйітті бір
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=