БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

125 Тәсбих намазының оқылуы: Тәсбих намазы төрт рәкәғат. Бұл намазда үш жүз мәрте мына тәсбих оқылады: Сүбханаллаһи уәл хамдү лилләһи уәлә иләһә иллаллаһү уәллаһү әкбар уәлә хаулә уәлә қууәтә иллә билләһил ғалийл ғазим. Бұл тәсбихтың намазда оқылу тәртібі мынадай: 15 рет «Сүбһанәкадан» кейін («Фатихадан» бұрын); 10 рет қосымша сүреден кейін; 10 рет рүкуда; 10 рет қаумада (рүку мен сәжде арасындағы тұрыста); 10 рет бірінші сәждеде; 10 рет жәлсәда (екі сәжде арасындағы отырыста); 10 рет екінші сәждеде. Бірінші рәкәғатта 75 рет тәсбих дұғасы оқылады. Екінші, рәкәғатта да дәл осы тәртіппен 75 рет оқылады. Екінші рәкәғатта отырып «Әттәхият» оқығаннан кейін, «Аллаһүммә салли» және «Аллаһүммә бәрик» дұғаларын оқып үшінші рәкәғатқа тұрып «Сүбханәкә» оқылады. Үшінші төртінші рәкәғаттарда алғашғы екі рәкәғат сияқты оқылады. Тәсбих намазы оқуға ынталандырылған намаз болып, оқуды әдетке айналдырып, үнемі оқу – мүстахаб. Оқуды білмейтіндер үйренгенше жамағатпен оқуына болады. Егер жамағатпен оқылатын болса, имам бұл намазды өзіне нәзір (уәжіп) етеді және дауыстап оқиды, жамағат болса, тек тыңдайды.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=