БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

124 Дұха намазы Дұха намазында жүз сауап бар. Алла Тағала мұның жетпіс бесін дүниеде, ал жиырма бесін ақыретте береді. Дұха намазын үзбей оқығандар, дүниеде қиыншылық көрмейді. Дұға намазы күн шығып, 45 минут өткен соң екі рәкәғаттан, алты рәкәғат оқылады. Тәһәжжуд намазы Тәһәжжуд намазында шетсіз-шексіз сауап бар. Мұны үздіксіз оқушылардың дұғасы қабыл болып, мәртебесі көтеріледі. Расулулла (с.а.у.) бұл намазды үзбей оқыған. Бұл намаз да алты рәкәғат болып, тәһәжжут уақытында оқылады. Тәһәжжуд уақыты – түн жарымы, яғни, күндізгі бесін намазы қай уақытта кірсе, түннің сол сағатында басталып, сәресі уақытына дейін жалғасады. Аталмыш намаздардың қалай ниеттеліп, қалай оқылатыны «Қасиетті күндер мен түндерде жасалатын дұға және ғибадаттар» атты кітабымызда кеңірек түсіндірілген. Тәсбих намазы Тәсбих намазы – бүкіл дененің қатысуымен жасалатын тәубе мен истиғфардың ең үлкені. Пайғамбарымыз (с.а.у.) немере ағасы Аббасқа (р.а.): «Аға, мен саған он түрлі жақсылыққа жеткізетін істі хабар беру арқылы саған игілік жасаған болайын. Оны орындағанда күнәларыңның алдыңғысы мен соңғысы, жаңасы мен ескісі, біліп және білмей істелгені, үлкені мен кішісі, көрнеуі мен көмескісінің барлығы кешіріледі... Оны шамаң жетсе, күн сайын оқы. Күн сайын оқи алмасаң, аптада бір рет оқы. Оны да істей алмасаң, айына бір рет оқы. Оны да істей алмасаң, жылына бір рет, тіпті, өміріңде бір рет оқы» – деп, тәсбих намазының маңыздылығын түсіндірген.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=