БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
123 жауапкершіліктен құтыла алмайды. Намаз кімге парыз болса, тек соның оқуы арқылы өтеледі. Сондықтан біреудің ұмытып не жалқаулыққа беріліп, уақытында оқымаған намазы болса, уақыт өткізбей, тез арада қазасын оқуы керек, сонымен бірге, қаза қылғаны үшін тәубе етіп, истиғфар айтуы керек. Қаза намаздары бар адам, қарыздарын санайды, кейін соңынан бастап оқып аяқтайды. Ең біріншісінен бастауға рұқсат етілгенімен жас ұлғайғанда қазаға қалдырудың жазасы ауыр болатындықтан, алдымен соларды өтеу мақсатымен соңынан бастап оқыған абзал. Парыз намаздар мен үтір намазының қазасы оқылады. Сүннеттердің қазасы оқылмайды. Қаза намаздарды мәкруһ уақыттардан тыс кез-келген уақытта оқуға болады. Қаза намазы бар кісінің, бес уақыт намаздың сүннеттерін оқуына, тәһәжжүт, әууабин, дұха және тәсбих намаздарын, сонымен бірге қасиетті түндерде оқылатын қажет намаздар мен басқа нәпіл намаздарды оқуына ешқандай бөгет жоқ. КЕЙБІР НӘПІЛ НАМАЗДАР Парыз намаздарды бұлжытпай орындаумен қатар әууәбин, дұха, тәһәжжүт және тәсбих намаздары сияқты нәпіл намаздарды оқуға да құлшыну керек. Себебі, бұл намаздарда есепсіз мол сауап бар. Хадис құдсилердің бірінде Алла Тағала: «Құлым парыздарды орындау арқылы менің азабымнан құтылады, ал нәпілдерді орындау арқылы маған жақындайды», – деген. Әууәбин намазы Әууәбин намазында Алла Тағаланың жүз жақсылығы бар. Бұның жетпіс бесі ақыретте, ал жиырма бесі бұл дүниеде беріледі. Сондай-ақ әууәбин намазын үздіксіз оқығандар махшарда қиыншылыққа ұшырамайды. Әууәбин намазы ақшам намазынан кейін екі рәкәғаттан алты рәкәғат етіп оқылады.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=