БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
122 тәкбірі әр намаздағы сияқты айт намаздарында да парыз. Ал қалған тәкбірлердің бәрі – сүннет. Айт намазында құтпа намаздың соңында оқылады. Ораза айтында пітір садақасы, ал құрбан айтында құрбан туралы айтылады. Арапа күні таң намазынан бастап, Құрбан айттың төртінші күнінің екінті намазына дейінгі барлық 23 уақыт парыз намаздарынан кейін тәшриқ тәкбір айту – уәжіп. Тәшриқ тәкбірі: Аллаһү әкбар, Аллаһү әкбар. Лә иләһә илләлла һү уаллаһү әкбар. Аллаһү әкбар, уәлилләһил-хамд. Бұл тәкбірді әрбір ер-әйел намазды жалғыз немесе жамағатпен, тұрғылықты немесе жолаушы болса да, парыздан соң дереу оқуы – уәжіп. ҚАЗА НАМАЗЫ Ақыл-есі дұрыс және балиғатқа толған әрбір мұсылман, өзге діни міндеттері тәрізді бес уақыт намазын өткізіп алмай, тиянақты өтеуге міндетті. Намазды мүлде қаза қылмауға тырысуы керек. Құран Кәрімде Алла Тағала елу бес жерінде мұсылмандарға намаз оқуды бұйырған. Сондай-ақ, отыз үш жерде намаз зекетпен қоса әмір етілген. Намаз жайлы әмірлердің мұншама көп қайталануы, намаздың қаншалықты игі және сауабы мол ғибадат екендігін, ал, өтемегендердің жазасының қаншалықты ауыр екендігін көрсетеді. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадис шәріпінде: «Қиямет күні құлдың бәрінен бұрын жауапқа тартылатын нәрсесі – намазы», – деген. Бұл хадис шәріп намаз есебін дұрыс бергендердің басқа мәселелерде жеңілдік көретіндігін, ал намаз есебін бере алмағандардың қатты қиналатындығын меңзейді. Егер біреу өтелмей қалған намазы үшін миллиондаған теңге садақа берсе немесе біреудің екі рәкәғат намазының орнына басқа біреу жүз рәкәғат оқыса да, қарыздар адам
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=