БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

121 Ал одан кейінгі төрт рәкәғат жұманың соңғы сүннеті болады. Осылардан кейін оқылатын төрт рәкәғат – зухри ахыр. Бұған: «Ниет еттім соңғы бесін намазының парызын өтеуге»,-деп ниет етіледі. Дәл осылай ниеттенсе, егер сол күннің жұма намазы қандай да бір шартының кемшілігіне байланысты қабыл болмаса, бесін намазы оқылған болып саналады. Қабыл болса, ең соңғы қаза бесін намазы болып есептеледі. Зухри ахырдың соңынан оқылатын екі рәкәғатқа «уақыт сүннетіне» деп ниет етіледі. Жұма парызынан кейін осы он рәкәғат намаз оқылмаған жағдайда, шарттарында кез-келген бір кемшілік болу салдарынан жұма намазы қабыл болмаса, бесін намазы кісінің мойнына қарыз болып қалады. Сондықтан жұманың парызынан соң оқылатын осы он рәкәғатты қалдырмаған абзал. АЙТ НАМАЗЫ Жұма намазы парыз болған адамдарға айт намазы – уәжіп. Екі айт намазы бар, бірі – Ораза айт намазы, екіншісі- Құрбан айт намазы. Айт намазының уақыты күн шыққаннан кейін 45 минут өтісімен басталып, күн төбеге көтерілгенге дейін. Айт намаздары екі рәкәғаттан тұрады және жамағатпен оқылады. «Ниет еттімАлла ризалығыүшін Айт намазын имам мен бірге өтеуге» – деп ниет етіледі. Дәл таң намазының парызы сияқты оқылады, айырмашылығы әр рәкәғатта үштен қосымша тәкбірлер алынады. Бірінші рәкәғаттағы үш тәкбір «Сүбханәкадан» кейін, «Фатихадан» бұрын, екінші рәкәғаттағы үшеуі қирағат біткен соң, яғни қосымша сүреден кейін. Бұл алты тәкбір алу - уәжіп. Екінші рәкәғаттың рүку тәкбірлері уәжіп тәкбірлерге жақын болғандықтан ол да уәжіп саналады. Ифтитах

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=