БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
120 ЖҰМА НАМАЗЫ Жұма намазы жұма күндері бесін намазының орнына жамағатпен оқылатын парыз намаз. Бес уақыт намаздың шарттарымен қатар жұма намазының екі түрлі өзіндік шарты бар. Олар: 1. Жұма намазын оқитын мұсылманға қатысты шарттар; 2. Жұма намазына байланысты шарттар. Жұма намазының парыз болуының жеті шарты бар: 1. Ер болу (әйел немесе қосжынысты болмау); 2. Азат болу (тұтқын немесе қамауда болмау); 3. Тұрғылықты болу (90 км. алыста сапарда болмау); 4. Дені сау болу (намазға бара алмайтындай науқас болмау); 5. Көздері жақсы көру (зағип болмау); 6. Аяғы сау болу (кемтар болмау); 7. Намазға баруға кедергі мен себептің болмауы (Дұшпан қаупі, қатты нөсер, жолдың балшық болуы сияқты нәрселер жұмаға баруға кедергі болып саналады). Жұма намазының оқылуы үшін алты шарт бар: 1. Жұма намазыоқылатынжер қалалықжер болу (Рұқсаты бар ауылдарда да оқуға болады); 2. Имамдықты мұсылмандар басшысының немесе оның орынбасарының жүргізуі; 3. Бесін намазының уақытында оқу; 4. Жамағатқа арнап құтпа оқу; 5. Имамнан басқа үш кісі болу; 6. Жұма оқылатын жердің жалпыға бірдей ашық болуы. Жұма намазына ниет Ең алдымен оқылатын төрт рәкәғатқа: «Жұманың алғашқы сүннетіне», – деп ниет етеді. Мұның соңынан имам мен бірге оқылатын екі рәкәғат – жұма намазының парызы.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=