БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
12 ПАЙҒАМБАРЛАРҒА ИМАН Иманның төртінші шарты – пайғамбарларға сену. Пайғамбарлар – Алла Тағаланың шариғатын, әмірлері мен тыйымдарын адамдарға жеткізетін таңдаулы тұлғалар. Пайғамбарлар - адамзатты көп құдайға және пұтқа табыну сияқты адасушылықтан құтқарып, иманға келгендерді екі дүние бақытына жетелейтін дәнекерлер. Адамның ақылы мәңгі бақытқа жету жолын табуда қауқарсыз болғандықтан, Алла құлдарын тура жолына бастау үшін пайғамбарларды жіберген. Алла пайғамбарларды мұғжизалармен күшейткен. Алланың рұқсатымен әдеттен тыс таңғаларлық істерді олар оңай жүзеге асырған. Ең алғашқы адам әрі тұңғыш пайғамбар – Адам аләйһиссәләм. Барлық жаратылыстан үстем болып жаратылған адамзаттың асылы, кейбіреулердің айтқанындай маймылдан емес Адам атадан тараған. Адамзаттың маймылдан тарағандығын алға тартқанжаңсақ тұжырымдарды қазіргі таңдағы ғылым да жоққа шығарып отыр. Біздің тегіміз маймыл емес, еш күмәнсіз, жұмақтан келген, таза әрі пәк Адам аләйһис-сәләм мен Хауа ана екенін білуіміз керек. ПАЙҒАМБАРЛАРДЫҢ СИПАТТАРЫ Пайғамбарлар жайында міндетті түрде білуіміз керек бес сипат бар. Олар: 1. Сыдық: Пайғамбарлар шыншыл. Олар ешқашан жалған сөйлемейді. 2. Аманат: Cенімді. Әрқашан оларға толық сенім артуға болады. 3. Тәблиғ: Алла Тағаланың әмірлері мен тыйымдарын еш
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=