БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
119 В) Сүннет ғайри муәккәдалар: Екінтіде 4, Құптанда 4. Барлығы: 8 рәкәғат. СӘҺУ СӘЖДЕСІ Сәһу сәждесі – намаз үстінде жаңылу немесе ұмыту салдарынан болған кемшілік не артықшылықтың орнын толтырып, түзету мақсатымен жасалуы уәжіп саналатын сәжде. Сәһу сәждесі қажет болатын жағдайлар: Сәһу сәждесі намаздың бір уәжібі орындалмаған немесе кешіктірілген жағдайда, парыздың тек кешіктірілген кезінде қажет. Ал парыз орындалмаған жағдайда сәһу сәждесі жеткіліксіз, намазды қайтадан оқу керек. Намаз сүннеттерінің бірі орындалмаса, сәһу сәждесі қажет емес. Мысалы, бір кісі намаздың жасырын оқитын жерін дауыстап оқыса, үтір намазында құнұт дұғасын тастап кетсе, төрт рәкәғаттық намазда бірінші отырысты ұмытып, отырмаса, сәһу сәжде жасауы керек. Осы арқылы кемшілігінің орнын толтырып, қатесін түзейді. Сәһу сәждесінің жасалуы: Сәһу сәжде жасалуы керек болған жағдайда соңғы отырыста «Әттәхият» оқылып, екі жаққа сәлем беріледі. «Аллаһү әкбар» деп тәкбір айтылып, қатарынан екі сәжде жасалады. Екінші сәждеден соң отырып, «Әттәхиятү, Аллаһүммә салли және Аллаһүммә бәрик, Раббәнә» дұғалары оқылып, сәлем беріледі. Ал, сәһу сәждесін орындаушы имам болса, тек оң жаққа ғана сәлем беріп, сәһу сәждесін жасайды.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=