БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
118 5. Құптан намазы Құптан намазының алғашқы сүннеті екінтінің сүннетіндей сирек оқылатын төрт рәкәғаттық ғайри муәккәд сүннет. Бұл екінтінің алғашқы сүннеті сияқты оқылады. Кейін қамат айтылып, бесіннің парызындай төрт рәкәғат парыз, содан кейін таң намазының сүннеті сияқты екі рәкәғат соңғы сүннет оқылады. Бұлардың айырмашылықтары тек ниеттерінде. Өзге айырмашылық жоқ. Үтір уәжіп намазы Үтір намазы – уәжіп, үш рәкәғаттан тұрады. Құптан намазының сүннетінен кейін оқылады. Әр рәкәғатта Фатихаға қосымша бір сүре оқылады. Әуелі: «Бүгінгі үтір намазын оқуға», – деп, шын көңілмен ниет етіледі. Аллаһү әкбар», деп тәкбір алып, екі рәкәғат оқыған соң, отырып тек «Әттәхият» оқығаннан кейін «Аллаһү әкбар» деп үшінші рәкәғатқа тұрады. «Фатиха» сүресінен кейін бір сүре оқып, рүкуға барудан бұрын қолды екі жаққа жіберіп, «Аллаһү әкбар»,- деп көтеріп тәкбір алады. Қол қайта байланып, Құнұт дұғасы оқылады. Бұдан кейін қолдар жіберіліп, басқа намаздардағыдай, «Аллаһү әкбар», – деп рүкуға және сәждеге барып, «Әттәхият», салауат және дұға оқылып, сәлем беріледі. Міне, бір күндік бес уақыт намаз парыз, уәжіп және сүннетімен бірге осылайша оқылады. Бес уақыт намаз рәкәғаттарының саны: А) Парыздар: Таңда 2, Бесінде 4, Екінтіде 4, Ақшамда 3, Құптанда 4. Барлығы: 17 рәкәғат. Ә) Уәжіп: Тек қана үтір намазы 3 рәкәғат. Б) Сүннет муәккәдалар: Таңда 2, Бесінде 4+2, Ақшамда 2, Құптанда 2. Барлығы: 12 рәкәғат.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=