БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
117 төртінші рәкәғатта тек «Фатиха» оқылады. Қосымша сүре немесе аят оқылмайды. Өзге парыз намаздардың да үшінші және төртінші рәкәғаттарында оқылмайды. Бесіннің соңғы сүннеті де тура таң намазының сүннетіне ұқсас оқылады. Тек қана, ниет еткенде: «Бүгінгі бесін намазының соңғы сүннетіне», – деп ниет етеді. 3. Екінті намазы Екінті намазын оқушы алдымен төрт рәкәғат сүннетіне: «Бүгінгі екінті намазының сүннетін оқуға»,-деп ниет қылады. Алдыңғы екі рәкәғаты таң намазының сүннеті сияқты оқылады. Бірақ екінші рәкәғаттан кейінгі отырыста «Әттәхияттан» кейін «Аллаһүммә салли» және «Аллаһүммә бәрикті» де оқып, сәлем бермей: «Аллаһү әкбар», – деп үшінші рәкәғатқа тұрады. «Фатихадан» бұрын «Сүбханәкә» және «Әғузү, бисмиллә» оқылып, тағыда дәл осылай екі рәкәғат оқылады. Екінті намазының парызы дәл бесіннің парызы сияқты оқылады. Өзгешелік тек ниетте ғана. «Екінтінің парызына»,- деп ниет етіледі. Сондай-ақ ер адамдар парыздың алдында қамат айтуды ұмытпаулары тиіс. 4. Ақшам намазы Ақшам намазында алдымен парыз, кейін сүннет оқылады. Ақшам намазын оқитын адам алдымен қамат айтып, «Бүгінгі ақшам намазының парызына», – деп ниеттеніп, үш рәкәғат парызын оқиды. Бірінші мен екінші рәкәғаттарын тура таң намазының парызы сияқты оқыған соң, отырып «Әттәхият» оқиды да, «Аллаһү әкбар»,-деп үшінші рәкәғатқа тұрады. Үшінші рәкәғатта тек Фатиха сүресі ғана іштей оқылады. Соңғы отырыста «Әттәхият, Аллаһүммә салли және Аллаһүммә бәрик, Раббәнә» сияқты дұғалар оқылып, сәлем беріледі. Парыздан соң, «Ақшам намазының сүннетіне», – деп көңілмен ниеттеніп, дәл таң намазының сүннетіндей екі рәкәғат сүннет оқиды.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=