БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

116 БЕС УАҚЫТ НАМАЗ 1. Таң намазы Таң намазы – екеуі сүннет және екеуі парыз болып, барлығы төрт рәкәғат. Алдымен сүннет, сонан соң парыз оқылады. Намазға ниеттенуші дәретін алып, Құбылаға қарап, тік тұрып: «таң намазының сүннетін өтеуге ниет еттім», - деп, ниеттенген соң, «Аллаһү әкбар» деп екі қолды құлақтың тұсына дейін көтереді. «Намаз қалай оқылады?» тақырыбында айтылғандай екі рәкәғат намаз оқиды. Осылайша таң намазының сүннетін оқыған болады. Таң намазының парызы да дәл сүннеті сияқты оқылады. Парызды бастағанда қамат айтылып, кейін «бүгінгі таң намазының парызына», – деп, шын көңілмен ниеттенеді (Әйелдерқаматайтпайды). Егербілетінболса, таңнамазының парызында ұзын сүре оқу – сүннет. Екінші рәкәғат бітіп, сәлем берген соң жоғарыда айтылғандай тәсбих тартылып, дұға-тілек тілейді. 2. Бесін намазы Бесін намазын оқитын адам алдымен: «Бесін намазының алғашқы сүннетіне», – деп ниет етіп, таң намазының сүннетіндей оқып келіп, екінші рәкәғаттан кейін отырғанда тек «Әттәхият» оқиды да, артынан сәлем бермей, дереу: «Аллаһү әкбар»,-деп, үшінші рәкәғатқа тұрады және «Фатиха» мен бір қосымша сүре оқиды. Үшінші және төртінші рәкәғаттарды бастапқы екі рәкәғат сияқты оқып, соңғы отырысқа отырады. «Әттәхият, Аллаһүммә салли және Аллаһүммә бәрик, Раббәнә» дұғаларын толықтай оқып, сәлем береді. Бесін намазының парызы да сүннеті сияқты оқылады. Тек ер адамдар әуелі қамат айтады. Ниет еткенде: «Бүгінгі бесін намазының парызына»,- деп ниеттенеді. Үшінші және

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=