БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ
11 КІТАПТАРҒА ИМАН Иманның үшінші шарты – кітаптарға сену. Алла Тағала өз қалауын, әмірлері мен тыйымдарын құлдарына білдіру мақсатымен пайғамбарларына мезгілімен кітаптар түсірген. Жәбірейіл (а.с.) арқылы пайғамбарларға түсірілген кітап пен парақ (сухуф) саны 104. ПАРАҚТАР (сухуф) 10 парақ Адам аләйһис-сәләмға, 50 парақ Шит аләйһис-сәләмға, 30 парақ Ыдырыс аләйһис-сәләмға, 10 парақ Ибраһим аләйһис-сәләмға жіберілген. Барлығы 100 парақ. КІТАПТАР 1. Тәурат Мұса аләйһис-сәләмға, 2. Зәбур Дәуіт аләйһис-сәләмға, 3. Інжіл Иса аләйһис-сәләмға, 4. Құран Кәрім Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) түсірілген. Құран Кәрімнің түсуімен алдыңғы үш кітаптың үкімдері жойылған. Құран Кәрім 114 сүреден, 6666 аяттан тұрады. Екі белгінің арасы бір аят болып саналады. Құран Кәрімнің бір әріпі де өзгермеген. Дүние жүзіндегі барлық Құран Кәрім бірдей. Құран Кәрім қиямет күніне дейін Алланың қорғауында болады.
RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=