БЕЙНЕЛІ МҰХТАСАР ҒЫЛЫМХАЛ

10 ПЕРІШТЕЛЕРГЕ ИМАН Иманның екінші шарты – періштелерге сену. Періштелер – нұрдан жаратылған, кез-келген бейнеге ене алатын, рухани болмыс. Періштелер ер, әйел болып жынысқа бөлінбейді. Олар Алланың әміріне әсте қарсы шықпайды. Шаршап-шалдықпайды. Ішіп-жеуге мұқтаж емес. Бірі көкте, бірі жерде, енді бірі ғарышта өз міндеттерін мінсіз атқарады. Періштелер санының қанша екендігі тек Аллаға мәлім. Ішіндегі төрт үлкен періште періштелердің пайғамбарлары болып табыладың. ТӨРТ ҮЛКЕН ПЕРІШТЕ 1. Жәбірейіл (а.с.) – Алла Тағаланың кітаптарын пайғамбарларға жеткізуге, яғни уахи ісіне жауапты. Алла мен пайғамбар арасындағы дәнекер. 2. Микайл (а.с.) – Табиғи құбылыстарға мысалы, желдің соғуы, жаңбырдың жаууы және өсімдіктердің өсіп жетілуіне жауапты. 3. Исрафил (а.с.) – Сүрдің үрленуі, қиямет күнінің болуы және адамзат пен жындардың қайта тірілуі сияқты істерге жауапты. 4. Әзірейіл (а.с.) – Ажалы жеткендердің рухын алатын періште. Алла Тағаланың әмірімен ажалы жеткендердің рухын алуға жауапты. Сондай-ақ әр адамның бойында өз міндеттерін атқаратын 384 періште бар. Бұлардың ішінде Кирамән Кәтибин атты періштелер адамның барлық амалы мен іс-әрекетін жазып отырады.

RkJQdWJsaXNoZXIy NTY0MzU=